Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы коронавирус эпидемиясының жағдайы туралы айтты.
«28-наурыздағы жағдай бойынша жер-жердегі стационарларда 1406 адам жатыр, оның 105-і балалар. Бүгін елордада коронавирус жұқтырған адамдар саны 107-ге жетті. Екі адам емделіп, ауруханадан шығарылды.
27-наурыз күні 15 адам, 28-наурыз күні 32 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Олардың 41-і – коронавирус жұқтырған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Олар бұрынырақ карантинге жатқызылған.
Бүгін 10 адамды ауруханадан шығаруға шешім қабылдадық. Олар үй жағдайында дәрігер бақылауында болады», - деді Сәуле Қисықова брифингте.