Нұр-Сұлтан қаласындағы «Алем» сауда үйінің маңында құлаған қарт кісі тіл тартпай кеткен.
Қарт кісінің құлаған сәтін жүргіншілердің бірі видеоға түсіріп алыпты.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бұл жағдайдың 27-наурыз күні болғанын айтады. 70 жастағы кісі екен. Көзге көрінетін жарақаттары болмапты.
Жеке заттарының ішінде түрлі ауруларға қарсы қолданатын дәрілер табылған. Кейуана қазасының себебін сараптама нәтижесі анықтайды.