ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қозғалысты шектеу туралы сұрақтарға жауап берді.
«Соңғы күндері азаматтар тарапынан көшедегі қозғалысты шектеуге қатысты бірнеше сұрақ келіп түсті. Бұл мәселені мемлекеттік комиссия талқылап жатыр. Отырысы бүгін өтеді. Нәтижесі БАҚ-та жарияланады», - деді министр.
Оның айтуынша, бүгінгі күнгі мәліметпен елімізде 109 адам коронавирус жұқтырған.
Соңғы тәулік ішінде 14 адамның инфекция жұқтырғаны анықталып отыр. Олардың 9-ы карантинге жатқызылды.