«Qazcontent» АҚ-ның басқарма төрағасы болып белгілі журналист Бекзат Жүсіп тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Qazcontent ұжымына жаңа басшысын таныстырған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қаңтардың 26-сына дейін АҚ-ны басқарған Елдос Нәшірәліге табысты қызметі үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, Бекзат Жүсіптің бұған дейін қандай қызметтерде болғанын атап өтті.