BAQ.KZ порталында «Коронавирус жұқтырғандардың 78% әйелдер» деген материал жарияланды. Бұл материалға жіті назар салсақ, статистиканы жорналшылар емес, Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтқан.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 31 адам анықталған. 31 адамның 32 пайызы немесе 10 науқас ер адам және 78 пайызы немесе 21 науқас әйел адам екен.
Осы тұста біздің көкейді мынадай сұрақ кернейді: Министрліктегілер немесе басқармадағылар 110 пайыздық өлшеммен есептейді ме? 32 пайызға 78 пайыз қоссақ 110 шығатынын бірінші сыныптың баласы да білер, сірә!
Анығында 31 адамның 10 пайызы ер адам және 68 пайызы әйел адам болуы тиіс.
Айта кетейік, қазір елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 57 адамға жетті.