Оңтүстік астанада тағы бір жағдай анықталып отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
«Алматыда инфекция жұқтырған тағы бір азамат тіркелді», - делінген мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырған азаматтар саны 57 адамға жетті. Оның ішінде 31 адам Нұр-Сұлтан қаласында, 23 адам Алматы қаласында, 2 адам Қарағанды қаласында және 1 адам Алматы облысында.