Алматы қаласында карантин жарияланғалы бір күн өтті. Сарапшылардың айтуынша, алма шаһардың ауасы үш есеге тазарған.
19-наурыздан бастап Алматыға ешкім кіргізілмей жатқанын білеміз. Десек те, таңертеңгі уақытта топ адам қалаға өтуге талпыныс жасап, кептеліс туғызды.
Тәртіпсіздік жасағандар ұсталды. Тіпті, ішіп алып, бекетті бұзып өткісі келген азаматтар да табылды.
Құқық қорғаушылар қалаға тек алматылықтар кіргізілетінін бірнеше мәрте ескерткен. Оларға да үйлеріне оралу үшін тек 22-наурызға дейін уақыт берілді. Осы уақыт ішінде басқа қаладағылар сыртқа шығып кете алады. 22-наурыздан бастап мегаполис толығымен жабылмақ.
Алматы қаласының қаңырап бос қалғаны көптің көңілін құлазытты. Кептеліс те азайған.
Ал Алматы аспанындағы ауа үш есеге дейін тазарып, зиянды заттар жойыла астапты.