Қазақстанда тағы да бес науқас тіркелді. Үшеуі Алматы қаласында, екеуі бұған дейін науқастар тіркелмеген Қарағанды қаласында. Осы сағатта инфекция жұқтырғандар саны 49 адамды құрап отыр. Алматыда – 22, Қарағандыда – 2, Нұр-Сұлтанда – 25 адам. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде айтылды.
Диас Ахметшәріп толығырақ айтып берді.
«Қарағандыда тіркелген екі адам – 0324 – Минск-Қарағанды бағытындағы рейстің жолаушылары. Біріншісі 1971 жылы туған, екіншісі 1972 жылы туған. Алматыда үш адам тіркелді: 1982 жылы туған және 1979 жылы туған екі әйел адам Берлиннен келген, 1997 жылғы азамат Франциядан ұшып келді. Жағдайлары қанағаттанарлық. Елде барлығы 49 адам тіркелді», - деді ол.