TAN Media Group-тың директорлар кеңесінің төрағасы, Forbes Kazakhstan журналының басшысы Арманжан Байтасов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын қуантты.
«Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығып, үйіне оралды» деген мәтіндегі жазбамен қоса жүктелген суретте Райымбек Баталов, Арманжан Байтасов, Мұхтар Жәкішев, Нұрлан Смағұлов және Болат Әбілов бар.
Желілес достары Мұхтар Жәкішевті бостандыққа шығуымен жарыса құттықтап, қуанысып жатыр.