Алматы облысында жылқыны қасақана көлігімен басқан адам 10 күнге қамалды. Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жылқыны қасақанаы көлігімен басқан тұрғын әкімшілік кодекстің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша қамауға алынған.
«Бұл жазаға ол балағат сөз айтқаны үшін тартылды. Ал үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған жоқ. Қозғалған ҚР ҚК 316 бап (Жануарларға қатыгездiк жасау) қылмыстық кодекстің 202 бабына (мүлікке қасақана залал келтіру) ауыстырылды. Тергеу жүріп жатыр»,- дейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ер адамның жол талғамайтын көлікпен жылқыны қасақана түрде басып жатқан видеосы желіге тараған болатын. Видео авторы жылқыны басқан адамды полиция алып кетіп, артынша бостандыққа жібере салғандығына шағымданды. Ал полиция күдіктінің арнайы қолхатпен босатылғанын хабарлаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні Іле ауданындағы Междуречинск ауылының 38 жастағы тұрғыны көршісімен жанжалдасып, оның жылқысын қасақана жол талғамайтын көлікпен басқан. Басып шығару