Елімізде 1 қазаннан бастап коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте қызмет етіп келе жатқан дәрігерлердің жалақысына қоса төленетін жәрдемақы тоқтайды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында медицина қызметкерлеріне төленіп келе жатқан жәрдемақының уақытша шара екенін айтқан. Мемлекет басшысы вакцина алған халық саны артқан сайын жәрдемақыны тоқтату мәселесі күн тәртібіне шығатынын жеткізген. Оның орынына психологиялық және физикалық күштің көп жұмсалуын ескере отырып, ұдайы жүретін қосымша ақы қарастыруды ұсынған.
Осы ұсынысқа жауап ретінде медицина қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы күрес кезеңінде алып отырған жәрдемақыларын тамыз айында екі есеге азайды.
- бірінші топ (өте қауіпті) – 1 тамызға дейін 850 мың теңге, 1 тамыздан кейін 425 мың теңге;
- екінші топ (қауіпті) - 1 тамызға дейін 425 мың теңге, 1 тамыздан кейін 212,5 мың теңге;
- үшінші топ (орташа) - 1 тамызға дейін 212,5 мың теңге, 1 тамыздан кейін 106,25 мың теңге;
Ал ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап коронавирусқа қарсы күрес кезеңіндегі жәрдемақы мүлде тоқтады.
Басып шығару