Mazir
20 июл 00:27korilim:742 Қоғам

Мейірбандық – жүректен, қайырымдылық біліктен

Дана халқымыз «Үйі жоқтың күйі жоқ » деп бекер айтпаса керек. Алматының бұрыш бұрышынан үй жалдаған, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі бала асыраған баспанаға зәру  қаншама университет оқытушыларының жүргені мәлім. Солардың қатарына тағдыр талқысының арқасында үйсіз қалған мен де іліктім…
Өзін бақытты сезініп, алаңсыз өмір сүруі үшін алдымен әр адамның тұрақты жұмысы, мекенжайы болуы тиіс. Ол, әрине, өз үйің, кең сарайдай боз үйің. Онда ішкен қара шайың да сіңімді, бір тілім нанның да дәмі ерекше болатыны рас.  Бірінен соң бірі салынып жатқан жаңа үйлер өзінің өзгешелігімен алыстан менмұндалап көз тартады. Ал оған қол жеткізу – кім-кімнің болса да ішкі арманы. «Әттең тонның келтесі-ай»- деп тапқан -таянғаны пәтер жалдаудан артылмайтын жандардың бұл  әсемүйлерге таңдана қарап, терең күрсінгеннен басқа амалы да жоқ еді.. Мен де сол арман қол жеткізе ме жоқ па деп жүргенде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін тұрғын үймен қамту  жайында хабарлама  келіп, үйі жоқ мен сияқты«көшпенділердің» үмітін оятты .Жақсы хабар құлақтарына жеткен  үй-күйі жоқ қаншама оқытушы-қызметкерлер өз өтініштерін өткізе бастады. Мен де  құжат жинап, құжат тапсырғандардың ең соңы болып өткізуге келдім. Құжатты университеттің кадр бөлімінің қызметкерлері жинап жатыр екен. Құжат тапсырған жандардың қарасы көп, кешігіп қалғанымды айтқан кадр қызметкері кадр бөлімінің басшысы Айнұр Сатылғанқызына кіруімді өтінді.Сыртынан естіп, танығаныммен өтініш айтып алдына бірінші кіруім. Жағдайымды, мүмкіндігі шектеулі балам бар екенін айттым.Бағдарламаның мән –жайын, өтініш берушілердің көптігін, әрбір өтініш берушінің жағдайын министірліктің жіті қарап, өткізетінін түсіндірген Айнұр Сатылғанқызын тыңдап отырып, әрбір істі байыбына барып,сабырмен шешетінін,қызметкерлердің тұрмыс-тіршілігін ой-парасат биігінен терең  ойлайтындығын байқадым.Құжатымды ең соңғы болып тапсырдым.
  Бұл күнде кез келген газет-журналды ашсаңыз да әлеуметтік желіні, теледидарды қарап, радионы тыңдасаңыз да  «Елім», «Алашым», «Қазағым» деп қам жеген азаматтарды, азаматшаларды көреміз, Сөз жүзінде бәрі данышпан, ұлт үшін жан беруге дайын, бірақ құр сөз, сонда да аттары дардай, танымал, тұлға... ал нақты амалмен, іспен дәлелдеп жатқан азаматтардың жарқын ісі байқалмай жататыны өкінішті.
Шынында да  аз уақыттың ішінде Айнұр Сатылғанқызының ішкі- жан дүниесі бай, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, құндылықтарды бойына сіңірген, заман талабына, уақыт ағымына сай, қоғамның кез келген жағдайында белсенділік таныта алатын, кісілік пен кішіліктің ара салмағын тең ұстай білген, өзіндік көзқарасы мен пікіріне адал жанның бірі екеніне көзімді жеткіздім.
Күз айында министрлік бекіткен университет қызметкерлерінің тізімі сайтта жарық көрді, тізімге ілінгеніме қуаныштан жүрек жарылып,  пәтер алғандай қуандым. Бірақ әлі де болса алдымызда өте қиын кезеңдер тұр еді. Осы кезде Айнұр Сатылғанқызының қызметкерлермен бірге жүріп, көрсеткен жәрдемі, қолдауы, бастықпын деп шіренбей, қарапайымдылық танытып, әрдайым тілегімен, жүрегімен бірге болғанын ерекше атап өткім келеді.
Көптен күткен баспананың кілті тигенде ерекше сезімде болып, қуаныштың көз жасын жасыра алмадым. Ал үйге кіргендегі сезімді жеткізу тіпті мүмкін емес.... «Бұл енді менің үйім» деп терең тыныстадым. Көп балалы көршілерімнің де осындай  сезімді бастарынан өткізіп жатқанында дау жоқ, тіпті кішкентай ботақандар сене алмай, алғаш пәтерлеріне кіргенде көздері бақырайып, әр бұрышта  үйдің қожайыны қашан  келіп қалады   дегендей үрпиісіп, еркін сезіне алмай  қалғандарын байқап, осы уақытқа дейін именіп, сескеніп, алаңсыз ойнай алмай, өсіп келе жатқан балалардың сезімін байқанда, бұл қуаныштың қаншалықты өзектілігін біле аласыз.
Қаншама мүмкіндігі шектеулі, көп балалы, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі балаларды асырап отырған отбасы мүшелерінің осындай әсем ауданнан пәтер  алуына мұрындық болып, тер төккен, қолынан келген көмегін аямаған Айнұр Сатылғанқызына әрбір отбасының айтар алғысы шексіз. Жанашырлыққа –жан риза дегендей шын мұқтаж жандарға қамқоршы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну - сауабы мол іс. Осындай істің иесі Айнұр Сатылғанқызының бізге көрсеткен мейірімділігін, қамқорлығын, қолдауын,қысылғанда қол ұшын бергенін ешқашан ұмытпаймын. Адам баласының шын болмыс-бітімі, жан-түкпіріндегі ниеті басқа түскен үлкен қуаныш пен қайғыда, қиыншылықта көрінеді, міне осындай сәтте мен Айнұр Сатылғанқызын танып білдім. 
Әлі алда талай асулар, алынбаған қамалдар тұр. Айнұр Сатылғанқызы соның бәрін сабырлылықпен бағындыратынына сенемін. Қиындықтарды көріп жігері жасымаған, мерейі көтерілгенде асып-тасымаған қазақтың қайсар қызына әманда құдайым қуат, жігер, жеңістер берсін дегім келеді.

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің оқытушысы
Райхан Дүйсенбаева
 
 
Басып шығару
order lasuna sale - cheap lasuna pill buy himcolin for sale

buy generic besivance for sale - carbocysteine cost sildamax pills

neurontin drug - buy gabapentin 100mg online cheap order azulfidine 500 mg

benemid sale - order probalan online carbamazepine online buy

brand celebrex 100mg - celecoxib price buy indocin 75mg pill

colospa online buy - order etoricoxib 60mg for sale pletal 100mg cost

diclofenac pill - aspirin 75mg over the counter aspirin pill

buy rumalaya generic - purchase rumalaya pill brand elavil 10mg

pyridostigmine price - how to buy imitrex order imuran 25mg for sale

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15