Рухия Байдүкенова Витебскте өткен «Славян базары» халықаралық фестивалінің Гран-приін жеңіп алды, кейін оған ХХХ Халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатында «Лира» сыйға тартылды.
Әр елдің өкілі бас жүлдені жеңу үшін барын салды. Екінші турда вокалистер славян хит әндерін орындады. Өзге әншілерді басып озған Рухия бас жүлдеге ие болды.
Гран-приді үздік орындаушыға қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыс етті. Бірінші орынды сербиялық Ирина Арсениевич алса, ән байқауының екінші дәрежелі дипломы Даниил Мышковец пен украиналық Рената Штифельге берілді.
Үшінші орынды словакиялық Иванна мен әзірбайжандық Тофик Гаджиев бөлісті. Байқаудың қонағы және қазылар алқасының мүшесі болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген сахнаға шыққан кезде оны жұрт үлкен қошеметпен қарсы алғаны атап өтілді.
Басып шығару