Жұмыс беруші вакцинадан бас тартқан жағдайда қызметкерді жұмыстан шығаруға құқылы ма? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.
Министрліктің мәліметінше, кез келген медициналық процедура және вакциналау адамның келісімі арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, вакциналаудан бас тартқандарға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.
«Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi» туралы кодексінің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакциналау тек адамның келісімімен жүзеге асырылады. Вакциналаудан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген», – деп жауап берді Еңбек министрлігі.
Басып шығару