Алматыда Достық даңғылы бірнеше күнге жабылады

  • 12 июл, 15:57
  • Көрілім: 114

Алматы қаласындағы Достық даңғылы 12-25 шілде аралығында жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны туралы ақпарат жарияланды. 
"2021 жылдың 12-25 шілде аралығында Әл-Фараби даңғылы мен Оспанов көшелерінің аралығында Достық даңғылы бойымен жүру шектеледі. Бұл шектеу жолдың беткі қабатын қалпына келтіру мақсатындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қойылып отыр", - деп жазылған Алматы қалалық мобильділік басқармасының хабарламасында.


Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру