Алматыдағы қоймада үлкен өрт шығып, өртті сөндіруге тікұшақ тартылған. Өрт 3 шілде таңғы 4:44-те басталды. Солтүстік магистраль бойында велосипед бөлшектері бар қойма өртеніп жатты.
Төтенше жағдай департаментінің айтуынша, төрт құтқарушы тобы құрылып, штаб орналастырылған.
Штаб орналастырылды, төрт құтқарушылар секторы құрылды. Барлық қол жетімді сумен жабдықтау көздері тартылды, үздіксіз сумен қамтамасыз етілді, өртті сөндіруге авиация тартылды, – деп хабарлады төтенше жағдай департаменті.
08:19-да өрт сөндірілді. Төтенше жағдай орнында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері жұмыс істеді. Өрт сөндірушілер жақын маңдағы төрт қойманы өрттен аман алып қалды.
Айта кетейік, жанып кеткен аймақтың ауданы анықталып жатыр.
Басып шығару