2 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой COVID-19-дың «дельта штамы» табылғаннан кейінгі Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы хабарлады.
Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты вице-премьер әкімдіктерге «сары» аймақтарда күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-Министрдің орынбасары еліміздегі вакцинаның жоғары қарқынына қарамастан, бүгінде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жұмыс белсенді жүргізілмей жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, әкімдіктерге мобильді топтарды ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Бұл ретте Ералы Тоғжанов, Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бақылау топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды.
Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау нәтижелері бойынша, Atameken АЭС ұсынысы бойынша, келушілердің мәртебесін тексермейтін 464 нысанды екі апта ішінде жауып тастау туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, әкімдіктерге 2,4 мыңнан астам Ashyq қатысушыларын тексеру тапсырылды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жыл басынан бері полиция ПТР анализдерін қолдан жасау және сату фактілері бойынша 23, ал вакцинаны бұрмалау фактілері бойынша төрт қылмыстық іс қозғады деп хабарлады.
Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ПТР мен вакцина паспорттарының нәтижелерін бұрмалаумен айналысқан адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
Жаңа оқу жылына дәстүрлі форматта дайындалу үшін ведомствоаралық комиссия төрағасы облыстық әкімдіктерге алдын-ала дайындалып, білім беру мекемелерінің санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеруді тапсырды.
Басып шығару