Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы facebook парақшасында жазды.
«Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың талаптарын қатаң сақтаудамын», - деп жазды facebook парақшасында.
Сондай-ақ, Сенат төрағасы жұмысты қашықтан жалғастыратынын айтты.
«Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бейжай қарауға болмайды. Бұл ең алдымен өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.
Сурет: baq.kz Басып шығару