Жаңаөзен тұрғындары қаруланған полиция қызметкерлерін бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қалада антитеррорлық жаттығулар өткізілгенін мәлімдеді. Антитеррорлық жаттығулар 25-26 наурыз аралығында өткен.
«Біз қала тұрғындарынан үрейленбеуді сұраймыз. Тәртіп сақшыларының жұмысына түсіністікпен қарап, оларға мүмкіндігінше көмектесуге тырысыңыздар.
Күдікті заттарды ұстамаңыз және белгісіз біреулер ұсынған заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмаңыз», - деді Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.