Бүгін сағат 9:00-ден бастап республика бойынша барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызмет көрсету уақытша тоқтатылды. Бұған себеп, ҚР Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасындағы техникалық ақаулықтар.
Қазіргі уақытта базаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. База жұмысы қалпына келтірілген жағдайда қосымша хабарланады.
Фото: zanmedia.kz
Басып шығару