Қазір ұшу-қону жолағы ашық. Дегенмен әлі де кейінге шегерілген рейстер бар.
Әуежайдың баспасөз хатшысы Ануар Шәлекеновтің хабарлауынша, ғимаратта жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шаралар қабылданып жатыр. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір 8 рейс кешіктірілуде.
Рейстер туралы мәліметті әуе компанияларының колл-орталықтарынан білуге болады. Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жабылған болатын.
Дереккөз: 24.kz
Басып шығару