Түркістанда «Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері» атты халықаралық медиа форум өтті. Түркітілдес мемлекеттер БАҚ өкілдерінің халықаралық форумына Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Венгриядан келген кәсіби БАҚ басшылары жиналды.
Маңызды іс-шарада Түркістан аймағының инвестициялық және туристік климатын жақсартудың басым бағдарламалары, жоспарлары мен мүмкіндіктері таныстырылды, сонымен қатар аймақтық экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту және Түркістанды халықаралық туристік орталық ретінде насихаттау жобалары талқыланды.
Ауқымды іс-шараға Әзірбайжан, Башқұртстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркиядан электронды БАҚ өкілдері қатысты. Форумды ашқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан көптеген ғасырлар бойы бүкіл түркі интеграциясының символы болғанын және Наурыз мейрамы кезінде түркі елдерінің ақпараттық кеңістігінің өкілдерінің қасиетті қалада форум өткізуі кездейсоқ емес екенін атап өтті.
«Әлемде ғаламдық интеграциялық үдерістер қарқын алған кезде, өркениеттің дамуына өзіндік үлес қосқан түркі әлемі басқаларға үлгі болды. Бастамашысы - Қазақстан Республиканың Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. Осылайша, Түркістан түркі өркениетінің орталығы ретінде танылды, бүгінде бұл тарихи үрдіс жалғасуда. Түркістан Түркі елдеріне ортақ қасиетті орын», - деді Өмірзақ Шөкеев.
Басып шығару