Атырауда нағыз отбасылық драма басталды, 38 жастағы қала тұрғыны өз анасына тіл тигізгеннен кейін түрмеге қамалды.
2018 жылы ер адам жалған айғақ бергені үшін 5 жылға шартты түрде сотталған. Ажырасқан, ата-анасымен бірге тұрады.
Өткен аптада қала тұрғыны мас күйінде үйге келіп, анасына тіл тигізіп, мазасын ала бастаған. Сондықтан анасы полицияға жүгінгені белгілі. Бұл ісіне қазір қатты өкінеді, өйткені ол ұлының түрмеге түскенін қаламайды.
Сот отырысына жасы 70-тен асқан анасы қатысты. Ол үнемі жылап, болған жағдайға өзін кінәлаумен болды.
«Мен сот болатынын білмедім. Ол отбасымыздағы жалғыз ұл, көмекшіміз, асыраушымыз. Судья, өтінемін, менің ұлымды кешіріңіз. Ол түзеледі. Оның әкесі ауырады, оны жуындырып, тырнағын алатын. Онсыз қалай күн көреміз?» - деді анасы.
Ер адам анасының қасында отырып, үнсіз қалды, ал соңғы сөзінде:
«Иә, мен өз кінәмді мойындаймын», - деді.
Сот оны жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге жіберді. Үкім шыққаннан кейін Атырау тұрғыны эмоцияға ерік берді.
«Мама, сен не істедің? Сенің кесіріңнен, енді мен түрмеге қамаламын. Сенің қалағаның осы ма?», - деп сұрады.
«Кешір, балам, мен білмедім. Мені кешір! Ұлым, сен босатылғанға дейін, әкең екеуміз бұл дүниеде болмауымыз мүмкін. Кешіресің бе?», - деп сұрады анасы.
Басып шығару