Алматы: Қалың қар салдарынан 30 жол апаты болды

  • 17 ноя, 13:29
  • Көрілім: 256

Түнде Алматыда қалың қар салдарынан 30 жол апаты болған. Осыған байланысты қалалық полиция департаменті жүргізушілерге үндеу жасады.

Полиция мәліметінше, жол-көлік оқиғалары сағат 21.00 мен 6.00 аралығында болған.

Жол апатынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелмеген. Дегенмен ведомстводағылар жүргізушілерден абай болуды сұрайды.
"Полиция жүргізушілерге үндеу жасай отырып, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өзара құрмет пен тәртіп - жолдардағы қауіпсіздіктің кепілі. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырамыз", - деді Алматы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
16 қараша күні сағат 17.00-де жауа бастаған қар 17 қараша сағат 04.20-да тоқтады. Осы аралықта қалада 4-5 сантиметр, таулы аудандарда 8-10 сантиметрге дейін қар түскен. 


Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру