Терезе қағатын елес: Ханкөл ауылына полицейлер жіберілді

  • 16 ноя, 10:19
  • Көрілім: 2 075

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырған елесті тексеру үшін Ханкөл ауылына (Қаратөбе ауданы) полицейлерді жіберді.

Әкім елеске қатысты ақпарат расталмағанын айтты, бірақ бәрібір полицияға жағдайды тексеруді бұйырды.
"Ешқандай мәселе болмауы керек, себебі күнде таңертең құқыққорғау органдары маған тұрғындарды не мазалайды немесе қандай мәселе туындағаны туралы ақпарат береді. Егер бұл сондай есепте болмаса, демек жалған ақпарат немесе біреулер қалжыңдап жүр. Біздің мұндай проблемамыз жоқ деп ойлаймын. Полиция қызметіне тексеруді тапсырамын", - деді Есқалиев.
Еске салайық, Ханкөл ауылының тұрғындары шашын жалбыратқан қыздан үрейленіп отырғанын айтты. Олардың айтуынша, елес терезені қағады және тасжолдың бойында жүргізушілерді қорқытады. Жүргізушілердің кейбірі елес көліктің ішінде пайда болып, айдауға кедергі жасайтынын айтады. 

Дереккөз: Үміт газеті
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру