Итбалықты жойылып бара жатқан жануарлар тізіміне қосу туралы шешімді Балық шаруашылығы жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссия қабылдады.
Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізімінде «Сүтқоректілер» бөлімі келесі жолмен толықтырылуы керек: «128-1 - Каспий итбалығы Pusa caspica Каспийский тюлень», - делінген құжатта.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Каспий итбалығы (лат. Pusa caspica) – нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескекаяқты сүтқоректі аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды.
Басып шығару