Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері қаладағы подъездерді, аулалар мен автобустарды дезинфекциялауды жалғастыру туралы жаңа қаулыға қол қойды.
«Аптасына үш рет подъездерді, тұрғын үйлердің баспалдақтарын (қабырғалары мен есіктердің тұтқаларын), балалар ойын алаңдарын және тұрғындардың демалатын орындарын дезинфекциялауды қайта бастау;
Қоғамдық көліктерде дезинфекциялауды күшейту;
Соңғы аялдамада әр рейстен кейін барлық тұтқалар мен тіректерді дезинфекциялық құралмен сүрту», - делінген N 2 қаулысында.
Басып шығару