Фашизм идеясының көсемі Адольф Гитлердің некелі жарынан ұрпақ қалмаған. Ал соғыстан кейін бірнеше адам «Гитлердің некеден тыс баласымын» деп дау көтерді. Неміс фюрерінің 1944-1945 жылдары «Тор» құпия жоспарының аясында туған ондаған баласы шынайы әкелерін білмейтіні тағы рас. Фюрердің тұқымын тұтқын әйелдер арқылы өсірген «Тор» деген жобаны білемісіз?
«Тор» жобасы Ұлтшылдық идеясының насихатында Гитлердің балалармен бірге түскен суреті көп пайдаланылды. Оның түбінде фюрер балаларға қамқор деген ой жатты. Ал Ұлттық-социалистік неміс жұмыс партиясы өз лидерлерінің ұрпағы жоқ екеніне шынымен өкініш білдірген. Олардың ойынша, «ұлы адам» өзінің ұрпағын қалдыруы тиіс еді.
«Тор» құпия жобасын ұлтшыл билік басындағылар ұйымдастырып, жүзеге асырған. Ал бұл туралы тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ақпарат жарияланды. Бұл ақпаратты жария еткен екі кісі де аталмыш жобаны жүзеге асыруға атсалысқан. Олар: оберштурмфюрер – Эрих Рунге, бразиялиялық дәрігер, Schutzstaffel (күзет отряды) медициналық қызметінің офицері – Алессандро Джовенезе.
Аталмыш жобаны ұйымдастырушылардың басында Гитлердің көмекшісі Рудольф Гесса мен Schutzstaffel шефі Генрих Гиммлер тұрған. Гиммлер, 2002 жылы шыққан «Аргументы и факты» газетінде айтылғандай, мына сөздерді құпия жиналыста сөйлеген көрінеді:
«Кімнің бойында фюрердің қаны ойнап тұрса, оның Германия билігіне мұрагер болуға құқығы бар».
Жобаның аты кездейсоқ таңдалып отырған жоқ. Герман-скандинавия мифологиясы бойынша, Тор құдай ұрпақ өрбітудің басы-мыс. Құдайдың өзінде «Үлкен және Кіші Эдда» деген аталықтарға бөлінген төрт баласы болыпты дейді. Ал партия жандайшаптары Гитлердің ұрпағы одан да көп болуы керек деп шешеді. Аталмыш жобаны жүзеге асыру тапсырмасын Lebensborn («Өмір көзі») атты құпия ұйым қолға алады. Негізі бұл ұйымның жұмысы – балаға зәру неміс отбасыларына дені сау ұрпақ сыйлау. Бұл мақсатта СС қызметінің белгілі офицерлері де донорлық тұқымдар беруге келіскен.
Lebensborn ұйымы фюрердің өзінен бала көтеретін әйел іздеуге кірісті. Дәл осы мақсатта «пайдаланылатын» жүз қыз іріктелген. Олардың басым көпшілігі неміс қыздары, ішінде тек екеуі ғана норвегиялық болған екен. Ұйымдастырушылар «арийлік ұлт» идеясына бұл жолы да жүгінгенін осыдан-ақ байқауға болады. Ал әлгі жүз қыздың бір де біреуі балаларының әкесі кім болатынын білген жоқ.
«Тор» жобасының жетістікке жетуі үшін Гитлер ота жасатып, аталық безінен ұрықтар алуға да келіскен. Ал дәрігерлер фюрерге қалыпты ұрықтандыру процесін ұялғандықтан ұсынбапты деген пікірлер бар.
Гитлерден туған балалардың тағдыры Ұрықтандыру жұмыстарын концлагерлерьдегі тұтқындарға түрлі эксперименттер жасаумен танымал болған профессор-гинеколог Карл Клауберг жүргізді деген болжам бар. Оның жұмысы бұл жолы толық нәтиже бермеген. Өйткені 1940 жылдардың басындағы ұрықтандыру технологияларның дамуы кешеуілдеп қалған еді. Ал дәл осы бағытта нәтижелі ғылыми жұмыс жасаған америкалық Алан Франк Гуттмахер жаңалығын 1943 жылы ғана жария етті. Демек Клауберг өзіндік технологиялармен құпия әрекет еткен.
«Гитлердің тұңғышы» 1944 жылдың күзінде дүниеге келіпті. Тұңғыш бала мен басқа балаларын Бавариялық Альпідегі құпия орынға орналастырған. Балаларды күтумен, дамуын қадағалаумен Lebensborn ұйымының №1146 зертханасының қызметкерлері айналысқан. Оларды атақты Джовенезе басқарды. Джовенезенің мәліметінше, құпия орында 20-дан астам бүлдіршін болған. Балалардың дамуы жүйелі түрде жүргізілсе де, олардың арасынан Гиммлер күткендей вундеркиндтер, ерекше таланты бар азаматтар шықпады.
«Тор» жобасы 1945 жылдың 6-мамырында аяқталды. Баварияға америкалық әскер кірген кезде бөлім қызметкерлеріне эвакуациялау тапсырмасы жүктеледі. Ал фюрердің қатырылған ұрығы сақталған зертхана жарылып кеткен. Америкалық әскер қатарындағылар балалардың көпшілігін австриялық және бавариялық шаруаларға таратып беріпті.
Бүгінде Еуропада Үшінші Рейхтің ұрпақтары болуы ықтимал. Ал мықты тарихшылардың көпшілігі «Тор» жобасы туралы тақырыптардан бойын аулақ ұстайды. Қандықол фюрердің қаны қай тамырда ағып жатқанын кім білсін?!
Басып шығару