Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері құрамында соя бар тамақ өнімдерін әкелуге және сатуға тыйым салу жөнінде уақытша санитарлық шаралар енгізді.
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының аумағында Оттоги Рамен Ко, LTD, 123-12, Енгсонг-Ри, Анзунг-Ип, Пенгтэк-Си, Кенги-До, Южная Корея сынды жедел дайындалатын кеспені әкелуге және сатуға тыйым салатын қаулы шығарды», - делінген хабарламада.
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жоғарыда аталған өнімді әкелу және сату бойынша қызметті жүзеге асыратын меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілеріне хабарлау тапсырылды.
Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына Қазақстанның тұтыну нарығын қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін санитарлық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы хабарламалар жіберілді.
Басып шығару