«Астана LRT» құрылыс кезінде қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа жіберілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 миллиард теңгені ұрлау фактісі бойынша Астана әкімдігінің, Астана LRT ЖШС-нің лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді», - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өкілдері.
Сот ісіне жеті адам тартылды. Сонымен бірге Сұлтанбеков пен Ардан халықаралық іздеуде.
«Іске қатысқан әр адамның кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды.Тергеу мүдделері үшін және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді», - деп толықтырды
Еске салайық, 2018 жылдың шілдесінде «Астана LRT» ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан халықаралық іздеуде болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған қатысты қылмыстық іс қозғады.
2019 жылдың қазан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тергеуді күшейтуді тапсырды.
Басып шығару