Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындық үстінде.
Қазір еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Соңғы 3 айда коронавирус бойынша жедел медициналық көмек шақыру 5 жарым есе, ал науқастарды төсек орнымен қамту қажеттілігі 6 есе азайған, індет жұқтырғандардың 99% сауықты.
Дегенмен, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды Еуропа елдеріндегі эпидемиологиялық ахуал алаңдатып отыр. Тіпті ТМД елдерінде де коронавирус жұқтырғандар саны Қазақстаннан 5 есе көп екен.
«Сондықтан індет өршуінің екінші толқынына барынша дайындалуымыз керек», – деді министр.
Басып шығару