Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті карантин талаптарын және шектеу шарттары қолданылатын сырқаттар тізімін бекітуді жоспарлап отыр.
Нормативтік-құқықтық актілер порталында жоба бойынша «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» атты бұйрық жарияланған.
Шектеу шараларының жүргізілу реттілігін келесі шарттар анықтайды:
1) ҚР аумағына шетелден жұқпалы аурулар тасымалдау қаупі төнген кезде;
2) Ел аумағында жұқпалы аурулар жағдайы тіркелген кезде.
Жұғу және таралу қаупі туған кезде карантин және шектеу шаралары енгізілетін келесі аурулар тізімі:
1) Оба;
2) Тырысқақ;
3) Сары безгек;
4) Жұқпалы қанағыш безгек;
5) Ауыр әрі өткір респираторлық синдром (АӨРС);
6) Вирустың жаңа типінен пайда болған адам тұмауы;
7) Вирустың жаңа типінен пайда болған коронавирустық инфекция.
Құжатпен толығырақ таныса аласыздар: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=4728953
Басып шығару