Mazir
05 сен 16:30korilim:1 430 Қоғам

Елімізде өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын өндіріс ашылды


ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды, кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған, деп хабарлайды Primeminister.kz сайты. 

Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған. ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көп салалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған. Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ке дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда.

Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады. ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған. 

Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлері бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады. ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады. 

Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Денсаулық сақтау министрі А. Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысты.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15