Қазақстанда 2020 жылдың наурызынан бастап маусым айына дейін 4587 жұп ажырасу туралы арыз берген.
Статистика комитетінің мәліметі бойынша, пандемияның бірінші айында (наурыз) ажырасулар саны 2103, сәуірде - 332, мамырда - 731, маусымда - 1421 құрады. Шілде айындағы ресми статистика қыркүйекте пайда болады.
Салыстыру үшін: 2019 жылдың наурыз айында 4181, сәуірде - 5549, мамырда - 5389, маусымда - 5022 ажырасу тіркелді.
Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар айынан маусымға дейін барлығы 12 747 жұп ажырасқан.
Қазақстанда пандемияның төрт айында ажырасудың ең көп саны Алматыда тіркелді. Наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында жалпы саны 554 жұп ажырасқан.
Екінші орында - Қарағанды облысы. Наурыз-маусым айлары аралығында облыста 516 жұп ажырасқан.
Үшінші орында Алматы облысы. 503 жұп ажырасу туралы арыз берген.
Ажырасулардың ең аз саны Қызылорда облысында тіркелді. Пандемия мен карантин кезеңінде тек 31 ажырасу тіркелген.
Басып шығару