«2020 жылдың 19 тамызында сағат 03.00-ден 17.00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогты жерүсті желілерінің техникалық құралдарындағы қызметтердің жабылуымен жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады. Осыған байланысты жұмыс барысында бүкіл Қазақстан бойынша телеарналар мен радио жұмысы уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Қазтелерадио мұндай жұмыстарды бұрыннан өткізіп тұратындығын ескертеміз. Бұл тұтынушыларға сапалы теледидар және радио хабарларын таратуға көмектеседі.
Басып шығару