Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин мерзімін ұзарту туралы сұраққа жауап берді.
«Карантинді ұзарту туралы шешім нақты өлшеніп жасалатынын түсіну қажет және аурулардың көбею немесе оның төмендеу динамикасы біз үшін өте маңызды. Яғни, осы екі апта ішінде біз күн сайын деректерді қадағалап отырамыз, егер аурудың тұрақты төмендеуін байқасақ, онда бізде жоспар бар. Біз бұл туралы мемлекеттік комиссияға шектеу шараларын кезең-кезеңімен қысқарту туралы хабарладық», - деді Денсаулық сақтау министрі.
Басып шығару