Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында өмірден озды.
Үшкемпіров Жақсылық 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР Жамбыл облысы Свердловск ауданы Чапаев кеңшарында дүниеге келген.
Жетістіктері:
КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Классикалық күрестен Олимпиада чемпионы. Еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы. Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының екінші жүлдегері (1982), Еуропа чемпионатының екінші жүлдегері (1980), КСРО екі дүркін чемпионы (1975, 1980), КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1978, 1979), КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1973, 1977) , КСРО халықтарының спартакиадасының чемпионы (1975).
Bairaq.kz сайтының атынан марқұмның барлық туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!
Басып шығару