Жаңартылған статистика: Бір тәулікте 66 өлім тіркелді

  • 02 авг, 12:13
  • Көрілім: 2 043

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмонияның біріктірілген статистикасын жариялады.

1 тамыз күні бір күн ішінде COVID-19 жұқтырған 1226 адам тіркелді. Коронавирустан 36 адам қайтыс болды.

Этиологиясы анықталмаған, бірақ коронавирустық инфекцияның клиникалық-эпидемиологиялық белгілері бар 5181 жағдай анықталса, бір тәулік ішінде осындай диагнозбен 30 өлім тіркелді.

Жалпы республика бойынша 91 593 науқас анықталды.

Қазақстанда маусым айында пневмониямен ауырғандардың және көз жұмғандардың саны күрт өсті - бір айда 628 қазақстандық қайтыс болды. Олардың көпшілігінде коронавирусқа ұқсас белгілер болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі COVID-19 жағдайы мен өлім-жітім туралы ресми деректердің сенімділігіне күмән келтірді және пандемия туралы статистиканы жасырмауға шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру