Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Олжас Әбішев мемлекеттік бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп, ұсталды.
«ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметкерлерінің Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстағанын растады», - деп жазылған ресми мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу жұмысының барысындағы жағдайлар жарияланбайды.
Олжас Әбішев 2018 жылы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелер бойынша жұмыс істеген. Біршама уақыт бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің басшысы Алик Шпекбаев екі министрліктегі жоғары лауазымды шенеуніктерге қарсы тексеру жұмыстары басталғанын айтқан еді.
Басып шығару