Шымкент қаласының әкімі Мұрат Айтенов екі орынбасарды қызметінен босатты.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды, деп хабарлайды әкімдіктің хабарламасында.
Ербол Садыр осы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Алмасбек Мамытбеков қала әкімінің орынбасары қызметін 2020 жылдың ақпан айынан бастап атқарды.
Басып шығару