Абдуғаппар Сманов дүниеден озды

  • 01 июл, 12:35
  • Көрілім: 123

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, ұстаз Абдуғаппар Сманов дүниеден озды деген суық хабар тарады. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 
Дінтанушының жаназасы бүгін сағат 19:00 де өтеді.
Еңбек жолы:
1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы «Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді.
2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары.
2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру