Блок-бекетте апат жасап, салдарынан екі бірдей полиция қызметкері қаза тапқан оқиға туралы ел арасында түрлі әңгіме тарап кеткен. Ол апатты жағдай орын алардан төрт күн бұрын жұмыстан шыққан екен. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді.
«Азамат Азаматов. А.Т. тәртіп сақтау қызметінде 2014 жылдың 30-сәуір мен 2020 жылдың 21-мамырына дейін жұмыс істеген. Жұмыстан өз еркімен босатылған. Қызмет барысында төрт мәрте ескерту алыпты. Ол әскери қызмет тәртібін бұзып, жауапкершілігінің төмен екенін көрсетті», - деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Жол-көлік апаты кезінде ол көлікті мас күйінде басқарған. Сот-наркологиялық сараптамасы қорытындысы бойынша оның орта деңгейде алкоголь өнімін тұтынғаны анықталған.
Департамент басшылығы апаттан кейін жеке құрам қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тәртіптің қатайтылғанын айтады. Қазір көлік апатының себепкеріның тарапына түрлі сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
«ҚР ҚК 345-1 бабының 4 тармағы бойынша күдікті жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойына қызмет атқару құқығы шектелуі мүмкін», - деп жазылған мәлімдемеде.
Басып шығару