Атақты миллиардер 56 жасында бауырдағы қатерлі ісік салдарынан көз жұмған. Ақшасының қисабын білмейтін адамның соңғы сөздері көпшілікке керемет әсер етіп, жай ғана күнделік іспетті жазба қанатты сөздерге айналып бара жатыр.
Оның жарық дүниеден өтер алдында жазған жазбасының толық мәтіні төмендегідей:
«Мен іскерлік бойынша жетістік шыңына шықтым. Тіпті, басқалар мені жетістіктің символындай көреді. Дегенмен, менде жұмыстан басқа қуаныш болмады. Байлық – мен үйреніп қалған өмірдің бір ғана бағыты болыпты.
Мен ауруханада жатып ойланған кезде байлықтың өлім алдында қауқарсыз дүние екенін, бақыт сыйламайтынын түсіндім.
Сіз ақшамен көлігіңізді, ісіңізді жүргізетін адам таба аласыз, бірақ сендегі ауруды алып кете алатын адам жалдай алмайсыз. Материалдық заттарды табуға, сатып алуға әбден болады, бірақ сатылмайтын нәрселер де бар. Ол – адамның өмірі.
Өз-өздеріңізді сыйлаңыздар. Басқаларды да.
Адам қартайған сайын ақыл кіре түседі. Мен де 30 доллар тұратын сағат пен 300 доллар тұратын сағаттың бір ғана уақытты көрсететінін ұқтым. Біз қандай қымбат әмиян ұстасақ та, олардың ішіне бірдей ақша сияды. 150 мың доллар мен 30 мың доллардың көлігі бірдей жүріп, бірдей жерге жеткізеді. 300 шаршы метр немесе 3000 шаршы метр үйде тұрсаң да жалғыздық сезіледі. Өйткені, адамның ішкі бақыты материалдық заттар арқылы келмейді.
Егер ұшақта бірінші класс пен эконом-класста отыру туралы таңдасаң, ұшақ құласа бәрі бірге құлайтынын ұмытпа. Сонымен сіздер сырласа алатын достарыңызды бағалаңыздар, бұл – нағыз бақыт!
Бес талқыға түспейтін факт
1. Балаларды байлыққа жету керек деп тәрбиелемеңіз. Өскенде олар бағаны емес құндылықты білуі тиіс.
2. Тамақты дәрі ретінде ішіңіз, әйтпесе дәріні тамақ сияқты жейтін күнге тап болуыңыз мүмкін.
3. Сізді шын жақсы көретін адам ешқашан бас тартпайды. Шын жақсы көрсе, 100 қателігіңнің арасынан бір қасиетіңді сылтау етіп, бірге қалады.
4. Адам болу мен адам кейпінде болудың үлкен айырмашылығы бар.
5. Егер тез жеткіңіз келсе, жалғыз жүріңіз! Ал алысқа барғыңыз келсе, бірге барыңыздар!
Әлемнің ең үздік алты дәрігері:
1. Күн сәулесі
2. Демалыс
3. Спорттық жаттығулар
4. Диета
5. Сенімділік
6. Достар
Достарыңызбен кез келген уақытта сырласыңыз, денсаулығыңызды күтіңіз».
Басып шығару