Биыл жаһанды жайлаған індеттің кесірінен Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы онлайн форматта өтпек. Дегенмен, майдангер ардагерлер сыйақысыз қалмайды. Жеңістің мерейтойы қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарындағы соғыс ардагерлер миллион теңгеден сыйақы алады.
Сонымен қатар, тыл ардагерлері, жауынгерлердің жесірлері, Ленинград қамалында тұтқында болғандар, концлагерьде тұтқында болғандар, ҰОС мүгедектеріне теңестірілген мүмкіндігі шектеулі жандарға да қаражат төленеді.
Алматыда 200 соғыс ардагері миллион теңгеден, 1941-45 жылдары тылда еңбек етіп марапатталған тыл ардагерлері 50 мың теңгеден алады.
Барлық аймақтарда қарттарға осындай қамқорлық көрсетіледі. 24-сәуірдегі жағдай бойынша 4 315 адам жалпы сомасы 435,5 миллион теңге болатын сыйақы алған.
Аймақ әкімдері онлайн мерекелердің бағдарламаларын бекітіп, ардагерлерді санитарлық нормаларды сақтай отырып медальдармен марапаттауды жоспарлап отыр.
Басып шығару