Испаниялық ғалымдар науқастардың биологиялық сараптамаларын қорытындылап, ешкім күтпеген тосын шешім шығарды. Олар вирустың елге қалай келгенін зерттеген-ді.
Олардың айтуынша, инфекция елге 15 түрлі жолмен келуі мүмкін.
«Зерттеу жұмысының алдын ала болжамы бойынша, инфекция ақпан айының ортасында келген. Десек те, алғашқы науқасты анықтай алмай отырмыз», - деді олар.
Ғалымдар елдің әр аймағындағы науқастардан анализ алып, тексерісті жалғастырған. Зерттеу барысында испаниялықтар жұқтырған инфекция Шанхайдағы вирусқа өте ұқсас екені анықталды.
Сонымен қатар, зерттеу авторлары коронавирустың Испанияға Қытайдан келмегенін, Валенсия қаласынан тарағанын айтады. Олардың ойынша, инфекцияны бұл қалаға футболшылар мен жанкүйерлер алып келіпті-мыс.
Бұған қоса шаһар мэрі Бергамо Джорджио Гори мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, 19-ақпанда Милан қаласында өткен «Аталанта»-«Валенсия» ойыны 40 мың адамның инфекция жұқтыруына негіз болуы мүмкін. Бұл ойынға Испаниядан екі жарым мың жанкүйер келіпті.
Басып шығару