Mazir
02 мар 09:29korilim:269 Қоғам

Алматы - Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі

Алматы қаласы бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның кезектен тыс отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сейсмикалық қауіпсіздіктің мемлекеттік жүйесін жетілдіру - халықты қорғаудың маңызды бағыттарының бірі және Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының аумақтары сейсмикалық қауіпсіздіктің жоғары әлеуетіне кіреді. Бұл ретте Алматы қаласы бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан, - деді министр.

Сонымен қатар, Юрий Ильин Үкімет басшысының мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың алдына сейсмикалық қауіпсіздік және құрылыс саласындағы нормативтердің талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу, лауазымды тұлғалардың оларды іске асырғаны үшін бақылауы мен жауапкершілігін арттыра отырып, сейсмика бойынша жол картасының іс-шараларына тексеру жүргізу, жаңа әдіснама бойынша облыстар мен ірі қалалардың сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеу және, сейсмикалық мониторинг желісін кеңейту, жер сілкінісін болжау әдістерін жетілдіру және барлық елді мекендердің сейсмикалық қауіп-қатерін бағалауды жүргізу міндеттерін қойды.

Құрылыс кезінде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков айтып берді.

Осы мәселені тыңдаған кезде министр сейсмикалық қауіпті өңірлерде құрылыс кезінде барлық нормалар мен ережелерді сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды, бұл жер сілкінісі болған жағдайда қиратуды барынша азайтуға және тиісінше зардап шеккен азаматтарға ықпал ететін болады. Юрий Ильин бейінді комитетке әсіресе жеке сектордағы құрылыс пен нормалардың сақталуына назар аударуды ұсынды.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі объектілерді есепке алу және паспорттау, осы бағыттағы бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты бірқатар басқа өңірлердің бейінді ұйымдары мен министрліктердің өкілдері жеткізді.

Сонымен қатар, еліміздегі ағымдағы сейсмикалық жағдай туралы «Сейсмология институты» ЖШС директоры Дәулет Сәрсенбаев, сондай-ақ қазақстандық құтқарушылардың Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысу тәжірибесі туралы ТЖ жою департаментінің бастығы Кахарман Оразалин баяндады.

Қаржы министрлігі Құқық қорғау, арнайы органдар және қорғаныс бюджеті департаменті директорының орынбасары Дүйсен Әділханов еліміздің сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінетін бюджеттік құралдар туралы айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.


Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15