Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Барпибаев Тілектеске қатысты тексеру жұмыстарын бастады.
«Тексеру барысында жеке ұшақ Барпибаевтың құдасы – бизнесмен азамат арқылы сот төрағасына берілген. Мақсаты – Германияда ота жасату», - делінген мәлімдемеде.
Барпибаев Тілектестің сот этикасын сақтау мәселесі Жоғары соттың комиссиясы арқылы қаралуда. Нәтижесінде тиісті шешім қабылданбақ.
Басып шығару