26-наурыз күні кешқұрым Қазақстан азаматшасы коронавирустан қаза тапты. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.
«Өкінішке орай, бүгін Қазақстан азаматшасы коронавирустан қаза тапты. Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз. Біз бәрін терең түсініп отырмыз», - деді Абаев.
Оның айтуынша, күні ертең Денсаулық сақтау министрлігі марқұмның медициналық ахуалы туралы ақпаратты жариялайды.
«Бұл жағдай бізге коронавирустың қауіпті екенін тағы да еске салады. Бұл – бәріміздің басымыздағы қиындық. Барлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс», - деді министр.