Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 109-дан асты. Үрей бар. Елдің санасында тек осы инфекция туралы ғана ой қалды. Бірақ мына жігіт вирусты өз пайдасына шешпек болыпты.
Америкалық блогер Ларс әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің унитаз жалап, артынша коронавирус жұқтырып алғаны туралы видео жариялады.
22 жастағы блогердің айтуынша, ол бұл әрекетті танымалдылығын арттыру үшін жасаған. Видео әлеуметтік желіде кеңінен тарауда.
Бейнеролик 20-наурыз күні желіге жүктелген. 22-наурыз күні блогер жазба жариялап, өзінің ауруханада екенін мәлімдеді.
Басып шығару