Кибершабуылды тексеру және талдау орталығы коронавирустың Қазақстанда тарау моделін жасап шықты. Олардың болжауынша, 10-сәуірге дейін елімізде 17 мың адам инфекция жұқтыруы мүмкін.
Қазақстандық модель коронавирустың таралуын зерттеумен айналысатын халықаралық орталықтар тәжірибесі негізінде жасалды.
Мамандардың айтуынша, 100 адамға жұққан уақыттан бастап коронавирустың таралу қарқыны жоғарылайды. Орталық Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 23-наурыз күні 100 адамға жетеді деп жоспарлауда.
Жалпы инфекция жұқтырғандар саны 220 мың адамнан асады. Бірақ бұл адамдар өздігінен емделіп кетеді. Сондай-ақ, орталық мамандары Қазақстандағы вирустың өлім-жітім көрсеткіші 3 пайыз шамасында болады деген болжам айтады.
Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны – 53 адам. Олардың 22-сі Алматыда, 28-і Нұр-Сұлтан қаласында, екеуі Қарағандыда және біреуі Алматы облысында.
Басып шығару